|
Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 33 «Медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 33 «Медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6384-09 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 296 шешіміне қосымша
Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі №33 шешіміне қосымша
Қарағанды облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі
1. Осы Қарағанды облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі ауылдық жерлерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ қаржыландыру мен төлемдерді қабылдау тәртібін айқындайды. 2. Негізгі ұғымдар: 1) әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|