Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды бекіту туралы (2021.15.04. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидалар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаменті (Р.С. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 244 бұйрығымен бекітілген
Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидалар
1. Осы Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидалар (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік жастар форумдарын өткізу тәртібін айқындайды. 2. Өңірлік жастар форумы (бұдан әрі - Форум) - жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы. 3. Форум өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|