Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы (2019.31.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2020 жылғы 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.28.06. № 869 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.28.07. № 837 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.27.02. № 99 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. ҚР Үкіметінің 2015.27.02. № 99 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 753 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 869 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2015.27.02. № 99 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.31.05. № 359 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері: 1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы; 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып айқындалсын. 3. ҚР Үкіметінің 2015.27.02. № 99 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі. ҚР Үкіметінің 2015.27.02. № 99 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
|