Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы (2022.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін. 2. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» 2019 жылғы 1 тамыздағы № 322 қаулысының (2019 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8614 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2020 жылғы 31 наурыздағы № 125 қаулысымен бекітілген
Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|