Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2024 жылғы 28 ақпандағы № 131 қаулысымен бекітiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында: көрсетілген қаулыға 5-қосымшада: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдар өкілдерінің құрамында: «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі»; «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|