«Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарға аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы және «Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығымен күші жойылды
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарға аттестаттау жүргізу қағидалары бекiтiлсiн. 2. «Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10269 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН.». Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларына 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1- тарау. Жалпы ережелер»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Аттестаттаудан өту үшiн құжаттарды қабылдау тәртiбi»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3-тарау. Аттестаттау өткiзудiң тәртiбi мен шарттары»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|