Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2016 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында: 1-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің: Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов; Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Нематұлы Келімбетов;»; 3) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Арман Ғалиасқарұлы Дунаев» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшада: «Арман Ғалиасқарұлы Дунаев» деген сөздер «Наталья Артемовна Коржова» деген сөздермен ауыстырылсын; «Исаев Батырхан Арысбекұлы» деген сөздер «Марат Әпсеметұлы Құсайынов» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) Ислам Даму Банкінің: Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Нематұлы Келімбетов; Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Әлихан Асханұлы Смайылов;»; 2) «TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулысында: 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Қайрат Медібайұлы Әйтекенов, TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушінің орынбасары болып Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Нұрлан Құсайынұлы Рахметов» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Болат Әбілқасымұлы Палымбетов» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|