|
«Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы (2024.28.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 25-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Жарлығының 79-тармағына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2024.11.06. № 204 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін. 2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2024.11.06. № 204 шешімімен ереже жаңа редакцияда (2024 ж. 28 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Темір аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 297 шешімімен бекітілген
«Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мәслихат аппараты) Темір аудандық мәслихатының оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ. 3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|