Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 264 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті» мемлекеттік мекемесі болып, сондай-ақ осы қаулыға қосымшаға сәйкес оның аумақтық бөлімшелері қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 868 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 408-құжат):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып белгіленсін.»;
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Ішкі мемлекеттік аудит комитеті;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің миссиясы: