|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы
Осы редакция 2024 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасы 3-бап. Осы Заңның мақсаттары мен міндеттері 5-бап. Онлайн-платформалардың тілі 2-тарау. ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЛАЙН-ЖАРНАМА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 6-бап. Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу 8-бап. Уәкілетті органның құзыреті 3-тарау. ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ 9-бап. Онлайн-платформалардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеуінің құқықтық режимі 10-бап. Онлайн-платформалардағы дербес деректерді қорғау ерекшеліктері 11-бап. Пайдаланушылардың шағым беруі және оны өңдеу 12-бап. Онлайн-платформаның ұсынымдық жүйесі 13-бап. Контентті модерациялау 4-тарау. ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 16-бап. Пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері 17-бап. Инфлюенсерлердің (блогерлердің) құқықтары мен міндеттері 18-бап. Бейнеленетін адамды орналастыру және тарату 5-тарау. ОНЛАЙН-ЖАРНАМАНЫ РЕТТЕУ 19-бап. Онлайн-жарнамаға қойылатын талаптар 20-бап. Таргеттелген онлайн-жарнама 22-бап. Онлайн-жарнаманы сәйкестендіру және сақтау 6-тарау. ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЛАЙН-ЖАРНАМА САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 23-бап. Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы халықаралық ынтымақтастық 25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін онлайн-платформаларға байланысты қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-жарнаманы жасау, орналастыру, тарату және сақтау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккаунт - онлайн-платформаны пайдаланушының онлайн-платформада тіркелгеннен кейін жасалатын дербес парақшасы; 2) демеушілік контент - онлайн-платформаны пайдаланушының өзі және (немесе) демеуші жасайтын аккаунтта орналастыру арқылы онлайн-платформаларды пайдаланушылар тарататын онлайн-платформалардағы контенттің бір түрі; 3) жалған ақпарат - шындыққа сай келмейтін не қамтылған фактілер едәуір бұрмаланған, адамдар, заттар, оқиғалар, құбылыстар мен процестер туралы жалған түсінік қалыптастыратын, кез келген нысанда тіркелген ақпарат; 4) жария қоғамдастық - онлайн-платформаны пайдаланушы онлайн-платформада тіркеген, онлайн-платформаларды пайдаланушылардың беймәлім саны үшін ақпарат орналастырылатын парақша; 5) жария қоғамдастық модераторы - онлайн-платформаның меншік иесі және (немесе) оны пайдаланушы болып табылатын, онлайн-платформадағы контентті орналастыру және (немесе) жою, және (немесе) редакциялау құқығы берілген тұлға; 6) инфлюенсер (блогер) - онлайн-платформада тұлғалардың беймәлім тобына арналған ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы; 7) лездік хабар алмасу сервисі - қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған бағдарламалық қамтылымды қоспағанда, телекоммуникация желілерін пайдалана отырып нақты уақыт режимінде лездік хабар алмасуға не оларды нақты айқындалған тұлғаға (тұлғаларға) беруге арналған және (немесе) онлайн-платформаны пайдаланушылар сол үшін қолданатын бағдарламалық қамтылым; 8) онлайн-жарнама - онлайн-платформаларды пайдаланушылар және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелері таргеттелген жарнама және (немесе) демеушілік контент, және (немесе) өзге де ақпарат түрінде жасайтын және (немесе) орналастыратын, және (немесе) тарататын, және (немесе) сақтайтын, тұлғалардың беймәлім тобына арналған онлайн-платформалардағы жарнама; 9) онлайн-жарнаманы таратушы - онлайн-жарнаманы жасауды және (немесе) орналастыруды, және (немесе) таратуды жүзеге асыратын онлайн-платформаны пайдаланушы; 10) онлайн-платформа - қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурсты және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылымды, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисін қоспағанда, онлайн-платформаны пайдаланушының өзі ашқан аккаунт, жария қоғамдастық арқылы онлайн-платформадағы контентті алуға, жасауға және (немесе) орналастыруға, және (немесе) таратуға, және (немесе) сақтауға арналған интернет-ресурс және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылым, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисі; 11) онлайн-платформадағы контент (бұдан әрі - контент) - онлайн-платформаны пайдаланушы белгілерді және (немесе) сигналдарды, және (немесе) дауыстық ақпаратты, және (немесе) жазбаша мәтінді, және (немесе) бейнені, және (немесе) дыбыстарды, және (немесе) аудиокөрнекі нысанды қабылдап алу және (немесе) тұлғалардың нақты айқындалған немесе беймәлім тобына беру арқылы алатын және (немесе) жасайтын, және (немесе) орналастыратын және (немесе) тарататын, және (немесе) сақтайтын онлайн-платформадағы ақпарат; 12) онлайн-платформаның меншік иесі - онлайн-платформаға меншік құқығын иеленетін жеке және (немесе) заңды тұлға; 13) онлайн-платформаның ұсынымдық жүйесі - онлайн-платформа контентінің өз интерфейсіндегі басымдығын, сондай-ақ іздеу нәтижелерінің басымдығын айқындайтын толық немесе ішінара автоматтандырылған онлайн-платформа жүйесі; 14) онлайн-платформаны пайдаланушы (бұдан әрі - пайдаланушы) - онлайн-платформада өзінің дербес деректерін тіркеген және (немесе) ұсынған, және (немесе) сәйкестендіруден өткен жеке және (немесе) заңды тұлға; 15) профайлинг - пайдаланушылардың қалауын және (немесе) қызығушылықтарын айқындауға бағытталған алгоритмдер жиынтығы; 16) таргеттелген онлайн-жарнама - профайлинг негізінде айқындалатын нысаналы топтарға арналған және пайдаланушыларды қамтуды ұлғайтуға және (немесе) оның басымдығын, оның ішінде онлайн-платформаның ұсынымдық жүйесін пайдалана отырып арттыруға бағытталған онлайн-жарнама; 17) уәкілетті орган - онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасы аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. 3. Осы Заңның күші, егер басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылмайтын болса, лездік хабар алмасу сервистерін жеке басының және отбасының мұқтаждары үшін пайдалану кезінде пайдаланушылар арасында туындайтын қатынастарға қолданылмайды.
3-бап. Осы Заңның мақсаттары мен міндеттері 1. Осы Заңның мақсаты онлайн-платформалардың жұмыс істеуінің, сондай-ақ онлайн-жарнаманы жасаудың, орналастырудың, таратудың және сақтаудың, құқыққа қайшы контентті болғызбаудың және оның жолын кесудің құқықтық негіздерін айқындау болып табылады. 2. Осы Заңның міндеттері мыналар болып табылады: 1) онлайн-платформалардың жұмыс істеуінің ашықтығын қамтамасыз ету; 2) Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 3) құқыққа қайшы контентке жол бермеу; 4) онлайн-платформаларда балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте адамның және азаматтың дербес деректерін жинау және өңдеу кезінде оның құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ету.
Осы Заңның қағидаттары мыналар болып табылады: 1) адамның және азаматтың онлайн-платформаларда ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау; 2) онлайн-платформаларда сөз және шығармашылық еркіндігін қамтамасыз ету; 3) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын пайдаланушылар туралы ақпаратты жинау, жинақтау және тарату кезінде заңдылықты қамтамасыз ету; 4) онлайн-платформаларда Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету; 5) онлайн-платформалардың меншік иелері және оларды пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда олардың құқықтарын шектеу.
5-бап. Онлайн-платформалардың тілі 1. Онлайн-платформаның меншік иесі қазақ тілінде интерфейсті пайдалануға, сондай-ақ онлайн-платформаның пайдаланушы келісімімен, соның ішінде оның негізгі шарттарының қысқаша баяндалуымен танысуға мүмкіндік жасайды. 2. Онлайн-платформаның меншік иесі контенттің қазақ тіліне автоматты түрде аударылуына мүмкіндік жасайды. 3. Онлайн-платформаның меншік иесі Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында контентті қазақ тілінде модерациялауды қамтамасыз етеді.
2-тарау. ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЛАЙН-ЖАРНАМА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
6-бап. Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу 1. Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау арқылы жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады. 3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анық талған бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаты болып табылады. 4. Онлайн-платформалардың жұмыс істеуі, онлайн-жарнаманы жасау, орналастыру, тарату бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау объектісі болып табылады. Жария қоғамдастықтардың модераторлары, онлайн-жарнаманы таратушылар бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері болып табылады. 5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ресімделіп, жіберіледі. 6. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда: 1) қолма-қол - бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда оны алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап; 2) поштамен - пошта жөнелтілімін тапсырысты хатпен алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап; 3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. 7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. 8. Бақылау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жіберген уәкілетті органға бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарсылығын жіберуге құқылы. 9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
8-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 2) өз құзыреті шегінде онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы қызметін үйлестіреді; 4) онлайн-платформаларға мониторингті жүзеге асырады; 5) Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасының талаптарын бұзу анықталған кезде нұсқамалар береді; 6) онлайн-платформаның меншік иесінен және (немесе) заңды өкілінен бір тәулікте пайдаланушылар саны туралы ақпаратты сұратады; 7) онлайн-платформада пайдаланушылар санын айқындау функциясы болмаған жағдайда пайдаланушылар санын айқындайды; 8) онлайн-платформалардың меншік иелерінен және (немесе) заңды өкілдерінен сот актілері, Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының сұрау салуы негізінде пайдаланушылар туралы мәліметтерді сұратады; 9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ
9-бап. Онлайн-платформалардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеуінің құқықтық режимі 1. Онлайн-платформаларға бір ай ішіндегі орташа тәуліктік қолжетімділігі Қазақстан Республикасының аумағындағы бір жүз мыңнан астам пайдаланушыны құрайтын онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) өзге де заңды өкілдері Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген талаптарға сәйкес уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі өзінің заңды өкілін тағайындайды. Осы тармақтың бірінші бөлігі хабар алмасу жөніндегі корпоративішілік сервистердің, электрондық пошта қызметтерінің функцияларын жүзеге асыратын лездік хабар алмасу сервистеріне қолданылмайды. 2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы онлайн-платформалардың заңды өкілдерінің тізілімін өзі айқындаған тәртіппен жүргізеді. 3. Онлайн-платформалардың мынадай функциялары болуға тиіс: 1) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланушылар санын айқындау; 2) осы Заңның 11-бабында белгіленген пайдаланушылардың шағым беруі және оның алынғандығын автоматты түрде растау. Онлайн-платформаның интерфейсі шешім қабылдауда пайдаланушыны жаңылыстырмауға немесе оған өзгедей түрде кедергі келтірмеуге тиіс. 4. Онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері: 1) құқыққа қайшы контенттің Қазақстан Республикасының аумағында таралуына қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауға; 2) уәкілетті органның сұрау салуын алғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде оны қарауға; 3) заңды күшіне енген сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етуге; 4) мемлекеттік органдардың нұсқамалары, ұсынымдары, хабарламалары, шешімдері бойынша «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабында белгіленген шараларды қабылдай отырып, оларды қабылдап алуды, қарауды қамтамасыз етуге; 5) адамның және азаматтың өміріне немесе қауіпсіздігіне қатер төндіретін құқыққа қайшы контент анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын дереу хабардар етуге; 6) уәкілетті органға құқыққа қайшы контентке қарсы іс-қимыл шаралары туралы ақпарат беруге; 7) онлайн-платформа жұмыс істеген соңғы алты айда Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланушылардың орташа статистикалық ай сайынғы саны туралы ақпаратты ашық қолжетімді етіп орналастыруға; 8) кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға; 9) сот актілері, Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының сұрау салуы негізінде уәкілетті орган сұрататын пайдаланушылар туралы мәліметтерді ұсынуға; 10) уәкілетті органның нұсқамасы негізінде Қазақстан Республикасының аумағында құқыққа қайшы контентті, балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты орналастыратын және тарататын аккаунттар қызметін тоқтата тұруға міндетті.
10-бап. Онлайн-платформалардағы дербес деректерді қорғау ерекшеліктері Онлайн-платформаның меншік иесі және (немесе) заңды өкілі онлайн-платформадағы дербес деректерді қорғау мақсатында: 1) пайдаланушыларды тіркеу аяқталғанға дейін оларды онлайн-платформаның құпиялылық саясатымен таныстырады; 2) дербес деректердің тұтастығын, сақталуын және құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етеді; 3) пайдаланушының немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз дербес деректердің таралуына жол бермейді; 4) пайдаланушының дербес деректерінің құпиялылығы бұзылған жағдайда оны дереу хабардар етеді; 5) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
11-бап. Пайдаланушылардың шағым беруі және оны өңдеу 1. Пайдаланушы онлайн-платформаның меншік иесіне контентке, интерфейске, басқа пайдаланушыларға, онлайн-платформаның әрекеттеріне шағым беруге құқылы. 2. Пайдаланушының шағым беру тетігі мен қағидаларын онлайн-платформаның меншік иесі айқындайды. Шағым беру тетігі пайдаланушы үшін қолжетімді болуға және шағымның мазмұнын сипаттау мүмкіндігін көздеуге тиіс. 3. Онлайн-платформаның меншік иесі шағыммен жүгінген пайдаланушыға шағым алынған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде уәжді жауап беруге міндетті.
12-бап. Онлайн-платформаның ұсынымдық жүйесі 1. Онлайн-платформаның ұсынымдық жүйесінде пайдаланылатын параметрлер онлайн-платформаның пайдаланушы келісімінде сипатталуға тиіс. 2. Онлайн-платформаның ұсынымдық жүйесі пайдаланушыға профайлингті пайдаланбай контентті алу мүмкіндігін беруге тиіс.
13-бап. Контентті модерациялау 1. Онлайн-платформаның меншік иесі: 1) контентті модерациялау жүйелерін; 2) жасанды интеллект алгоритмдерін; 3) онлайн-платформада кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді; 4) құқыққа қайшы контенттің Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылуына және таралуына қарсы іс-қимылды; 5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасауды жетілдіру жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті. 2. Онлайн-платформаның меншік иесі мынадай: 1) анықталған жүйелік тәуекелдер; 2) анықталған жүйелік тәуекелдерді азайту жөнінде қабылданған шаралар; 3) автоматтандырылған модерациялау жүйелері жойған құқыққа қайшы контентті, уәкілетті органның келіп түскен нұсқамаларының, пайдаланушылар шағымдарының санын және олар бойынша қабылданған шешімдерді көрсете отырып, контентті модерациялау туралы ақпаратты қамтитын есепті жыл сайын орналастырады.
14-бап. Ақпаратты құқыққа қайшы контентке жатқызу негіздері, құқыққа қайшы контентті орналастыруды және таратуды тоқтата тұру, тоқтату 1. Қазақстан Республикасының аумағындағы онлайн-платформаларда құқыққа қайшы контентті орналастыруға және таратуға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, суицидті, порнографияны, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді және прекурсорларды, сепаратизм идеяларын, алаяқтықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын ақпаратты үндеу, насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне және аумақтық тұтастығына күмән келтіретін мәлімдемелер, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны ашатын ақпарат және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған өзге де ақпарат құқыққа қайшы контент болып табылады. 2. Құқыққа қайшы контентті орналастыруды және таратуды тоқтата тұру, тоқтату «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Онлайн-платформаның меншік иесі және (немесе) заңды өкілі уәкілетті органның нұсқамасын алғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.
1. Жалған ақпарат өзіне қатысты таратылған тұлға онлайн-платформаның меншік иесіне жалған ақпаратты жою туралы талаппен жүгінуге құқылы. 2. Онлайн-платформаның меншік иесі жалған ақпаратты жоюдан бас тартқан жағдайда тұлға сотқа жүгінуге құқылы.
4-тарау. ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
16-бап. Пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері 1. Пайдаланушылардың Қазақстан Республикасы аумағында: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсілмен контентті алуға, жасауға, орналастыруға, таратуға; 2) онлайн-платформаларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еркін пікір білдіруге; 3) өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот тәртібімен қорғауға; 4) аккаунт, жария қоғамдастық ашуға; 5) онлайн-платформаның меншік иесіне немесе оның заңды өкіліне өздерінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы туралы талаппен жүгінуге; 6) егер онлайн-платформалар ұсынатын өнімдер өз нанымдарына қайшы келсе, олардан бас тартуға; 7) қызықтырмайтын контенттің көрсетілуін шектеуге құқығы бар. 1) Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасын сақтауға; 2) орналастырылатын, таратылатын контенттің анықтығын тексеруге; 3) жалған ақпаратты орналастырмауға, таратпауға; 4) құқыққа қайшы контентті орналастырмауға, таратпауға; 5) жалған ақпарат, құқыққа қайшы контент орналастырылған, таратылған жағдайда оларды жоюға; 6) ерікті қайырмалдықтарды жинаған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
17-бап. Инфлюенсерлердің (блогерлердің) құқықтары мен міндеттері 1. Инфлюенсердің (блогердің) осы Заңның 16-бабында белгіленген құқықтары болады және міндеттерді атқарады. 2. Инфлюенсер (блогер) өзінің кәсіпкерлік қызметін Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
18-бап. Бейнеленетін адамды орналастыру және тарату 1. Пайдаланушыларға контентті орналастырған және таратқан кезде мынадай жағдайларда: 1) егер осы адам ойын-сауық, мәдени-бұқаралық, мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, бейбіт жиналыстарда және өзге де жария іс-шараларда болса немесе оларға қатысса; 2) егер контентте адамның бейнесі және осы адамның қызметтік жұмысына және (немесе) жария қызметіне байланысты мәліметтер қамтылса, сондай-ақ оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті тұлға қолжетімділігі шектелмеген дереккөздерде орналастырса, таратса; 3) егер бейнеленетін адамды пайдалану конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асырылатын болса, бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді. 2. Бейнеленетін адамды пайдалана отырып, контентті орналастыру, тарату Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 145-бабында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. ОНЛАЙН-ЖАРНАМАНЫ РЕТТЕУ
19-бап. Онлайн-жарнамаға қойылатын талаптар
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасы3-бап. Осы Заңның мақсаттары мен міндеттері4-бап. Осы Заңның қағидаттары5-бап. Онлайн-платформалардың тілі 2-тарау. ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЛАЙН-ЖАРНАМА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ6-бап. Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы құзыреті8-бап. Уәкілетті органның құзыреті 3-тарау. ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ9-бап. Онлайн-платформалардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеуінің құқықтық режимі10-бап. Онлайн-платформалардағы дербес деректерді қорғау ерекшеліктері11-бап. Пайдаланушылардың шағым беруі және оны өңдеу12-бап. Онлайн-платформаның ұсынымдық жүйесі13-бап. Контентті модерациялау14-бап. Ақпаратты құқыққа қайшы контентке жатқызу негіздері, құқыққа қайшы контентті орналастыруды және таратуды тоқтата тұру, тоқтату15-бап. Жалған ақпаратты жою 4-тарау. ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ16-бап. Пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері17-бап. Инфлюенсерлердің (блогерлердің) құқықтары мен міндеттері18-бап. Бейнеленетін адамды орналастыру және тарату 5-тарау. ОНЛАЙН-ЖАРНАМАНЫ РЕТТЕУ19-бап. Онлайн-жарнамаға қойылатын талаптар20-бап. Таргеттелген онлайн-жарнама21-бап. Демеушілік контент22-бап. Онлайн-жарнаманы сәйкестендіру және сақтау 6-тарау. ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЛАЙН-ЖАРНАМА САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |