Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 142/НҚ бұйрығы (2023.19.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023.13.09. № 404/НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 19 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023.13.09. № 404/НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 19 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы беріліп отырған «Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) Осы бұйрық Қазақыстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|