Осы редакция 2018 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығына 2-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
1. «Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет Министiрінiң 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығымен бекiтiлген «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi - Стандарт) негiзiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi (бұдан әрі - көрсетiлетiн қызметтi берушi), оның iшiнде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы көрсетiледi. 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзiнде. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi: Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, (электрондық түрде) не осы мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
4. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн және Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген өзге де құжаттарын немесе көрсетiлетiн қызметтi алушы электрондық сұратуын алу мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi рәсiмдердi (iс-қимылдарды) бастауға негiздеме болып табылады. 5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-қимылдар): 1) өтiнiштi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу; 2) өтiнiштi заң қызметiн көрсету және лицензиялау басқармасының басшысы қарау; 3) өтiнiштi заң қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысының қарауы және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ресiмдеу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|