Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2016 жылғы 15 ақпандағы № 1/51 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 3/372 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2016 жылғы 15 ақпандағы № 1/51 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1263 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2016 жылғы 31 наурызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын; аталған қаулымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын. 2. Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|