«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 370 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 қазандағы № 528 бұйрығы
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 72 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобалық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 370 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша алынып тасталсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы | Ш. Каринова |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 20 қазандағы
№ 528 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы «28» тамыздағы
№ 370 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
жобалық басқару регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобалық басқару регламенті (Регламент) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерді, ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерін, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да мүдделі тараптардың өкілдерін қоса алғанда, жобалық қызмет қатысушыларының өзара іс-қимылын көздейді.