Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 640 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ПЕРУ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ҰСТАП БЕРУ ТУРАЛЫ ШАРТ
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы егемендік пен тең құқықтылықты өзара құрметтеу негізінде қылмыскерлікке қарсы іс-қимыл жасау мәселелерінде Тараптар арасындағы тиімді ынтымақтастыққа ықпал етуді қалай отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
Тараптар осы Шарттың талаптарына сәйкес ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындау мақсатында іздестіріліп жатқан, өзінің аумағында жүрген кез келген адамды өзара ұстап беруге міндеттенеді.
2-БАП ҰСТАП БЕРУГЕ ӘКЕП СОҒАТЫН ҚЫЛМЫСТАР
1. Осы Шарттың мақсатында ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар деп екі Тараптың ұлттық қылмыстық заңнамасына сәйкес қылмыстық жазаланатын және жасағаны үшін кемінде бір (1) жыл немесе одан да көп мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделетін іс-әрекеттер танылады. 2. Егер ұстап беру туралы сұрау салу ұстап беруге әкеп соғатын кез келген қылмыс үшін өзіне қатысты бас бостандығынан айыру түріндегі сот үкімін орындау үшін іздестіріліп жатқан адамға қатысты болса, адам өтеуге жататын бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімі кемінде алты (6) айды құраған жағдайда ғана ұстап берілуі мүмкін. 3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қылмысты айқындау кезінде Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес осы қылмысты құрайтын іс-әрекеттің осыған ұқсас қылмыстардың санатына жатқызылуы не жатқызылмауы немесе осы қылмыстың бірдей немесе әртүрлі терминологиямен белгіленуі не белгіленбеуі маңызды болмайды. 4. Егер қылмыс Сұрау салушы Тараптың аумағынан тыс жерде жасалған болса, ұстап беру Сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасында дәл осындай мән-жайларда оның аумағынан тыс жерде жасалған қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды көздейтін жағдайда жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|