Бұқаралық ақпарат құралдары туралы (2017.05.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы 3-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі 4-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдары 1-1-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу 4-1-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу 4-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы құзыреті 4-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті 2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін ұйымдастыру 5-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы 6-бап. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі 7-бап. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы 9-бап. Бұқаралық ақпарат құралының баспагері 12-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан босату 3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарын тарату 14-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарын тарату 4-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтармен және ұйымдармен қатынасы 17-бап. Авторлық туындылар мен хаттар 5-тарау. Журналистің құқықтары мен міндеттері 21-бап. Журналистiң мiндеттерi 23-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын шет елдерде тiркеу 24-бап. Қазақстан Республикасындағы шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң қызметi 7-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшін жауапкершілік 25-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшiн жауапкершiлiк негiздерi 26-бап. Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді тарату үшін жауапкершіліктен босатылатын реттер Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен ; 2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу - журналистi тағайындау рәсiмi және оның өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның, қоғамдық бiрлестiктiң және ұйымның тануы; 2) бас редактор (редактор) - бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға; 3) бұқаралық ақпарат - тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары; 4) бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны; 5) бұқаралық ақпарат құралының өнiмi - мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио-, теле-, кинохроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі - бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін жинау және оны Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан талдау процесі; 6) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган); 7) бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн тарату - мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткiзу, үлестiру), радио-, телебағдарламаларды эфирге шығару, кинохроникалық бағдарламаларды көрсету және интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру; 8) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы - бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды 8-1) желілік басылым - ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, уәкілетті органда есепке қою рәсімінен өткен интернет-ресурс; 9) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкiлi) - еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға; 10) кешен - бiр бiрiмен ортақ мақсаттарымен байланысты және бiрыңғай құрылым құрайтын ғимараттар жиынтығы; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-1) қор - бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауға және қазақстандық журналистердің кәсіби өсуіне ықпал етуге бағытталған жобаларды іске асырумен айналысатын, акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі - Қор); 11) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы; 12) порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы кино, бейнеөнім - моральдық құндылықтарға сәйкес келмейтін, адамның ар-ожданы мен қадір-қасиетін қорлайтын жыныстық қатынасты натуралды түрде, егжей-тегжейлі фиксациялау не жыныстық әуестіктің қозуына немесе жыныстық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ықпал ететін жыныстық қатынас процесіндегі жалаңаш гениталийлерді көрсету; 13) ресми хабар - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы одан әрi тарату мақсатымен мемлекеттiк органдар беретiн ақпарат; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды 13-1) стационарлық үй-жайлар - iргетасы бар, олардың тiреу конструкциясына нұқсан келтiрмей оларды орнынан ауыстыру мүмкiн болмайтын күрделi ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бір бөлiгi; 4) суицидті насихаттайтын ақпарат - адамды өз өмірінен әдейілеп айырылуға итермелейтін ақпарат; 15) таратушы - меншiк иесiмен, баспагермен шарт бойынша немесе өзге де заңды негiздерде бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 16) теле-, радиоарна - кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату торына сәйкес қалыптастырылған теле-, радиобағдарламалар мен дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы; 17) теле-, радио, кинохроникалық бағдарлама - тиісті атауы, хабар тарату көлемі бар және теле-, радиоарнаның басқа бөліктеріне қарамастан пайдаланылуы мүмкін теле-, радиоарнаның мазмұнды аяқталған бөлігі; 18) цензура - бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын және материалдарын мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және өзге де ұйымдармен олардың талап ету бойынша немесе өзге де негiздер бойынша хабарламалар мен материалдарды не олардың жекелеген бөлiктерiн таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатымен алдын ала келiсу; 19) эфирге шығу - ұқсас және цифрлық электромагниттi жүйелердi пайдалана отырып, теле-, радиобағдарламаларды, дыбыс-бейне жазбаларды тарату; 20) эротикалық сипаттағы өнім - гениталийлерді қоспағанда, адамдардың жыныстық қатынастарын, адам денесінің ұятты тұстарын көрсететін және порнография элементтерін қамтымайтын баспасөз басылымы немесе теле-, радиобағдарлама.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді ( бұр. ред. қара) 2-бап. Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы 1. Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады. 2. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматты оның құқығы мен мүддесiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Бұқаралық ақпарат құралдары терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге міндетті. 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Мемлекеттік құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге, экстремизм немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, сондай-ақ қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға жол берiлмейдi. 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Бұқаралық ақпарат құралын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында пайдалануға жол берілмейді.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара) 3-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі 1. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік тiлде және басқа да тiлдерде таратылады. 2. Мемлекет Қазақстан Республикасының тiлдер туралы заңдарына сәйкес бұқаралық ақпаратты алу және оны тарату кезiнде әркiмнің ана тілін пайдалану құқығын қамтамасыз етедi. 3. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдары 1. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бөлігіндегі осы Заңда реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 1-1-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 4-1-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-1-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау арқылы жүзеге асырылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-2-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды; 3) 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-3-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті 1) бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз етеді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда 2) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді және желілік басылымдарды есепке қоюды, қайта есепке алуды жүзеге асырады; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылды 2-1) есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттiктер мен желілік басылымдардың тізілімдерін жүргізеді; 2-2) эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарататын субъектілердің тізілімін жүргізеді; 3) - 6) 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) өзі белгілеген тәртіпке сәйкес республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды; 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін бекітеді; 8) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды 8-1) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асырады; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 9) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi; 10) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазылымдарды сақтау тәртібін айқындайды; 12) журналистерді аккредиттеу ережесін бекітеді; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 13-1) - 13-3) тармақшалармен толықтырылды 13-1) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүзеге асырады; 13-2) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын бекітеді; 13-3) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастыру қағидаларын бекітеді; 14) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді; 15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-4-бап өзгертілді 4-4-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары: 1) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады; 2) 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды; 5) 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-5-баппен толықтырылды; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-5-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау 1. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды тексерулер нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 5. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін ұйымдастыру
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 5-бап толықтырылды 5-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға тиесілі. Бұқаралық ақпарат құралы заңды тұлға нысанында да, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi нысанында да құрылуы мүмкiн. Бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарламалар мен материалдарды таратуға теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және (немесе) желілік басылымды есепке қою туралы куәлiк негіз болып табылады. Бұл талаптар, ерікті тәртіппен есепке қойылған желілік басылымдарды қоспағанда, интернет-ресурстарға қолданылмайды. 2. Заңды тұлғаның - Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралы меншiк иесiнің немесе осы саладағы қызметті жүзеге асырушының акцияларының (үлесiнiң, пайының) 20 проценттен астамын шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың, азаматтығы жоқ адамдардың тiкелей және (немесе) жанама иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына тыйым салынады.
6-бап. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі 1. Меншік иесі - бұқаралық ақпарат құралын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі. 2. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі тиісті шарт негізінде өзінің меншікті, сондай-ақ басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты редакция, редактор, журналист, баспагер, таратушы ретінде іс-қимыл жасауға құқылы.
7-бап. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы 1. Редакция меншік иесінің тапсыруы бойынша бұқаралық ақпарат құралын әзірлеуді және шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асырады. 2. Редакцияға бас редактор (редактор) басшылық етеді. 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 2-1- тармақпен толықтырылды 2-1. Мыналар: 1) сот іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар; 2) тағайындау кезінде заңда белгiленген тәртiппен соттылығы алынбаған немесе өтелмеген азаматтар; 2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) шетелдiктер не азаматтығы жоқ адамдар; 2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) өздерінің кінәсінен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешімімен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде бас редактор (редактор) бола алмайды. 3. Меншік иесі мен редакция арасындағы қатынастар жарғымен және шартпен реттеледі.
1. Ақпарат агенттігі - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тіркелген, қызметі ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, қайта өңдеуге және таратуға бағытталған заңды тұлға. 2. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарында оның атауы мен шығарылған уақыты қоса берілуге тиіс. 3. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары таратқан кезде ақпарат агенттігіне сілтеме жасауға міндетті. 4. Ақпарат агенттігіне осы Заңның 2, 10-баптарының күші қолданылады.
9-бап. Бұқаралық ақпарат құралының баспагері 1. Баспагер - бұқаралық ақпарат құралының өнімін өндіруді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. 2. Егер меншік иесі бұқаралық ақпарат құралының әрі баспагері болмаса, меншік иесі мен баспагердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі жеке шартпен белгіленеді.
2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-бап жаңа редакцияда; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу 1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымы, ақпараттық агенттік және желілік басылым міндетті түрде есепке қойылуға жатады. 2. Есепке қою немесе қайта есепке алу үшін мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның меншік иесі не ол уәкілеттік берген тұлға осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келетін өтініш береді. 3. Мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қойған кезде, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен алым алынады. |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы3-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі4-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдары 1-1-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу4-1-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу4-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы құзыреті4-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті4-4-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті4-5-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау 2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін ұйымдастыру5-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы6-бап. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі7-бап. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы8-бап. Ақпарат агенттігі9-бап. Бұқаралық ақпарат құралының баспагері10-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу11-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтініш12-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан босату13-бап. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру және тоқтату 3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарын тарату14-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарын тарату15-бап. Шығарылым деректерi16-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi даналары және теле-, радиобағдарламалардың материалдарын сақтау 4-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтармен және ұйымдармен қатынасы5-тарау. Журналистің құқықтары мен міндеттері6-тарау. Журналистерді тіркеу22-бап. Журналистердi тiркеу23-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын шет елдерде тiркеу24-бап. Қазақстан Республикасындағы шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң қызметi 7-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды бұзу үшін жауапкершілік |