Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтардың: 1) «Өнеркәсіптік меншік объектісі авторының қорғау құжаты мен жеке куәлігі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 53-п бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3907 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 жылы № 41-44); 2) «Өнеркәсіптік меншік объектісінің қорғау құжатының және автордың куәлігінің нысандарын бекіту туралы» 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 53-п бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 59-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4649 санымен тіркелген, 2007 жылғы 10 тамыздағы №122 (1325) «Заң газетінде» жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|