Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы (2024.29.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.06.10. № 306 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 163) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптар бекітілсін. 2. Цифрлық даму және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі А. Б. Ілиясовқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптардың 33-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрыққа қосымша
Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|