|
|
|
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы (2021.10.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 17 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.10.09. № 42 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 104-бабының 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Cұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар: 1) мынадай ұйымдардың/объектілердің: қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер); халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің; мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары); халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар); жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің; білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың; санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар); қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың; барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары); денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың; дәріхана ұйымдарының; тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары); экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың; демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар); байланыс және телекоммуникация объектілерінің COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді; 2) осы қаулының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін міндетті түрде ПТР-тестілеуді (7 күнде 1 рет) қамтамасыз етсін; 3) осы қаулының 5-тармағының 1) тармақшасына енгізілмеген ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік жедел штабтар қабылдайды. 2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, ұйымдардың басшылары, Қазақстан Республикасының аумағында осы қаулының 5-тармағында белгіленген салалардағы қызметті жүзеге асыратын, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар: 1) профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін; 2) COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектесін. 3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар: 1) COVID-19-бен ауыратын пациенттерді диагностикалауға және медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, диагностикумдардың азаймайтын қорын; 2) денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салуды; 3) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі. Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі; 4) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге қойылатын талаптарды сақтауды; 5) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлуді және жұмыс режимін сақтауды; 6) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмін сақтауды; 7) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату алгоритмін сақтауды; 8) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес өнімді көтерме және бөлшектеп сату (сақтау) объектілеріне қойылатын талаптарды сақтауды; 9) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес автосалондардың, автомобильдің қосалқы бөлшектері дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу) станцияларының қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды; 10) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды; 11) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес халық үшін фитнес қызметін көрсету бойынша объектілердің, спорт кешендерінің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды; 12) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес мәдениет объектілеріне қойылатын талаптарды сақтауды; 13) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету (типографиялық қызмет көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) бойынша объектілердің және өзге де объектілердің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды; 14) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақүйлер, отельдер) қойылатын талаптарды сақтауды; 15) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің жұмыс алгоритмін сақтауды; 16) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес су көлігі (катерлер, кемелер, теплоходтар, паромдар және басқалары) мен теңіз порттарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды; 17) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес тұрақты жолаушылар тасымалын (жолаушылар мен багаж тасымалының автомобиль, теміржол электр жылжымалы құрамдары (метрополитен)) жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды; 18) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы дала жұмыстарына, табиғат қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларына тартылған ұйымдар мен жұмыскерлердің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды; 19) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес СПА және массаж салондарының, моншалардың, сауналардың, бассейндердің, жағажайлардың қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды; 20) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілерге, демалыс үйлеріне қойылатын талаптарды сақтауды; 21) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес балаларды сауықтыру лагерьлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) қызмет алгоритмін сақтауды; 22) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес діни объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды; 23) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс алгоритмін сақтауды; 24) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарының қызмет алгоритмін сақтауды; 25) осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес профилактикалық дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу алгоритмін сақтауды; 26) осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметі) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы арасында COVID-19-дың таралу тәуекелін азайту жөніндегі алгоритмді сақтауды; 27) осы қаулыға 24-қосымшаға сәйкес пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды; 28) осы қаулыға 25-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік кәсіпорындарда және өндірістік объектілерде, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілерде санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар алгоритмін сақтауды; 29) осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындардың, құрылыс компанияларының (құрылыс салушылардың) жұмыс алгоритмін сақтауды; 30) осы қаулыға 27-қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды; 31) осы қаулыға 28-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде спорттық жарыстарды өткізуге қойылатын талаптарды сақтауды; 32) осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирустық инфекциясынан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуді қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізуді; 33) осы қаулыға 30-қосымшаға сәйкес стоматологиялық клиникалардың қызмет алгоритмін сақтауды; 34) осы қаулыға 31-қосымшаға сәйкес COVID-19 диагностикасына арналған зертханаларды ашуға арналған уақытша ұсынымдарды сақтауды; 35) осы қаулыға 32-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыру және ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлау алгоритмін сақтауды; 36) осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тексеруге жататын контингентті COVID-19-ға зертханалық тексеруді; 37) осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес COVID 19 бойынша іс-шараларды жүргізуге тартылған медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігі алгоритмін сақтауды; 38) осы қаулыға 35-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары адамдар үшін оқшаулау тәртібін сақтауды; 39) осы қаулыға 38-қосымшаға сәйкес карантиндік стационарларға қойылатын алгоритм талаптарын сақтауды; 40) осы қаулыға 40-қосымшаға сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) баруға қойылатын талаптарды сақтауды; 41) осы қаулыға 41-қосымшаға сәйкес экскурсиялық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарды сақтауды; 42) осы қаулыға 42-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде компьютерлік клубтарға, бильярд залдарына және боулингтерге қойылатын талаптарды сақтауды; 43) осы қаулыға 43-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде мұз қалашықтарының жұмысын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтауды; 44) осы қаулыға 44-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде ойын-сауық саябақтарының, аквапарктердің жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды; 45) осы қаулыға 45-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде банкет залдарының, түнгі клубтардың, караокенің жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды; 46) осы қаулыға 46-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде лотерея клубтары мен лотерея билеттерін өткізу жөніндегі өзге де нүктелердің, букмекерлік конторалардың жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды; 47) әкімдіктер жанындағы мобилді топтардың күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимін, эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауға мониторингті және объектілерге іріктеп тексеру жүргізуді; 48) халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді; 49) COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша халықты үнемі ақпараттандыруды, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі: 1) әскери бөлімдерге келгеннен кейін әскерге келушілерді 14 тәулікке оқшаулауды, олардың шақырылған өңірлер бойынша бөлектеуді; 2) әскерге келушілерді орналастыру үшін орындар дайындауды; 3) әскерге келушілердің кесте бойынша бос уақытты өткізу үй-жайларында (монша-кір жуу қызметін көрсететін және басқа да ортақ пайдаланылатын орындарда) болуын ұйымдастыруды және басқа жеке құраммен байланысты болдырмай, тамақтануды ұйымдастыруды; 4) осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес жеке құрам арасында COVID-19-дың таралу тәуекелін төмендету бойынша алгоритмді сақтауды; 5) жеке құрам арасында COVID-19 ауруы жағдайлары анықталған кезде және ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуді, байланыста болғандарға, симптомсыз ауру нысандары бар адамдарға (бұдан әрі - симптомсыз вирус тасымалдаушы) медициналық бақылауды қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі: 1) оқиға орнына шығу кезінде жедел-тергеу тобының жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы шараларды сақтауды, одан әрі өзін-өзі оқшаулаусыз олардың денсаулығының жай-күйін бақылауды; 2) мәйіттерді сот-медициналық сараптамаға тасымалдау кезінде санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтуді және қызметкерлердің жеке қорғаныш құралдарын пайдалануын; 3) медициналық қызметтің короновирустық инфекция кезінде жедел-тергеу топтарының мүшелерімен және мәйіттерді тасымалдауға қатысатын қызметкерлермен жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша нұсқама жүргізуін; 4) сотталғандар арасында CОVID-19 ауру жағдайлары анықталған кезде ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуді, COVID-19-ға зертханалық тексеруді, науқастарды емдеуді, байланыста болғандарды, симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды медициналық бақылауды және оларды оқшаулауды қамтамасыз етсін. 6. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандырсын. 7. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары: 1) эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19-бен ауыратын науқастарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарда жеке төсектер бөлуді; 2) серіктесінде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжат болған жағдайда босануда серіктес болуға рұқсат беруді; 3) барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оны оқшаулау үшін көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, үй-жайлар бөлуді; 4) пациенттердің күнделікті ағымын (басқа да нозологиялық аурулар бойынша) COVID-19 ауруына күдікті пациенттермен қиылысуын болдырмай бөлуді қамтамасыз етсін; 5) босанатын әйелдер босандыру ұйымына, сондай-ақ көп бейінді стационарларға өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер түскен кезде медициналық көмек жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін күтпестен көрсетіледі. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған кезде медициналық көмек көрсетуге тартылған, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған персонал үй карантинінде оқшаулауға және COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады. Оң нәтиже болған жағдайда жұмыстан шеттетіледі және емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда өзінің лауазымдық міндеттерін орындауды жалғастырады және 14 күн бойы медициналық бақылауға жатады; 6) барлық босандыру және балалардың медициналық ұйымдарында ЖРВИ, тұмау белгілері бар, COVID-19 короновирустық инфекциясына күдігі бар, ПТР әдісімен COVID-19 инфекциясы расталған, COVID-19 симптомсыз және жеңіл ағымы бар жүкті әйелдерді, босанатын, босанған әйелдерді және балаларды, сондай-ақ стационарға түскен кезде COVID-19-ға ПТР талдауының нәтижелері жоқ пациенттерді емдеуге жатқызу үшін мамандандырылған бөлімше ұйымдастыруды; 7) COVID-19-ға талдау нәтижесі жоқ және орташа және ауыр дәрежедегі коронавирустық инфекцияның клиникалық белгілері бар жүкті әйелдер, балалар босандыру және балалардың медициналық ұйымдарына шұғыл жүгінген кезде медицина қызметкерлерінің, басқа жүкті әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың медициналық көмек көрсетуі үшін мамандандырылған бөлімшелерге емдеуге жатқызылады; 8) пациенттерді, оның ішінде жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді және балаларды стационарға (оның ішінде күндізгі стационарға) жоспарлы емдеуге жатқызу берілген күнінен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен COVID-19-ға тестілеу нәтижелері немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжат болғанда жүзеге асырылады; 9) осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға зертханалық тексеруді; 10) осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес зертханалық тексеру үшін COVID-19-ға күдікті науқастардан материалды қауіпсіз алуды ұйымдастыруды; 11) инфекциялық және басқа да медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауды; 12) үйде карантиндегі адамдар үшін қажет болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын (еңбекке жарамсыздық парағы) медициналық ұйымдарға бармай ресімдеуді; 13) денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19-бен ауыратын пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және шығыс материалдарына қажеттілігін; 14) барлық медициналық ұйымдардың осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес таза және лас аймақтарға бөле отырып, инфекциялық стационар қағидаты бойынша жұмыс істеуін; 15) стационарлық денсаулық сақтау ұйымдарында карантин сақтауды; 16) осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес COVID 19 бойынша іс-шараларды жүргізуге тартылған медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігі алгоритмін сақтауды; 17) патологиялық-анатомиялық қызмет, сот-медициналық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда мәйіттерді ашу (аутопсия) кезінде эпидемияға қарсы шараларды сақтауды - осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалануды; 18) барлық денсаулық сақтау ұйымдарында пациенттердің барлық ағымының дене температурасын өлшеу үшін тепловизорлармен қамтамасыз ете отырып, шлюздер ұйымдастыруды; 19) көп бейінді ауруханалардың қабылдау бөлімінде пациенттердің күнделікті ағымын жоспарлы және щұғыл емдеуге жатқызу үшін жеке бөлуді; 20) іс-әрекеттері COVID-19-ға күдікті науқастарды қарап-тексеруге, тасымалдауға, ошақтағы жұмысқа, емдеуге жатқызуға, емдеуге және оларға қызмет көрсетуге байланысты медицина қызметкерлері мен персоналдың осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қорғау деңгейіндегі ЖҚҚ-ны пайдалануын бақылауды; 21) денсаулық сақтау ұйымдары үшін СОVID-19 эпидемиологиясы, клиникалық көріністері, диагностикасы, эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік қағидалары, стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) орындау жөнінде семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді; 22) COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамти отырып, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану жөнінде нұсқама жүргізуді; 23) осы қаулыға 35-қосымшаға сәйкес COVID-19 жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін оқшаулауды; 24) клиникалық хаттамаға және осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды оқшаулау жағдайлары болған кезде үйдегі карантинді және медициналық қадағалауды; 25) тұрғын үйдің үй карантинін ұйымдастыру үшін талаптарға сәйкестігін бағалауды; 26) үйде медициналық бақылау жүргізуді және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды; 27) шет елден келген дене температурасы жоғары адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін инфекциялық стационарға жатқызуды; 28) шетелден ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын карантиндік стационарларда орналастыруды;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |