Осы редакция 2016 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 3-қосымша
Биязы жүнді қойларды бағалау бойынша нұсқаулық
1. Биязы жүнді қойлары бағалау бойынша нұсқауы (бұдан әрі - Нұсқау) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, биязы жүнді қойларды бағалауды нақтылай түседі. 2. Биязы жүнді қойларды бағалау бағалаушымен (сыныптаушы) жүргізіледі.
2. Биязы жүнді қойларды бғалауды ұйымдастыру
3. Биязы жүнді қойлар (бұдан әрі - биязы жүнді қой) таза тұқымды және будандар болып бөлінеді. 4. Таза тұқымдыларға жатқызылады: таза тұқымдылығы құжаттармен расталған белгілі бір тұқымдағы ата-енелерден таралған малдар; ағзасында ата-енелік тұқымдардың 3/4 қан үлесі бар, бір өнімділік бағыттағы екі биязы жүнді қой тұқымдарын будандастыру нәтижесінде алынған малдар; біртекті жүнді будан саулықтарды белгілі бір тұқымның қошқарларымен сіңіре бідандастыру нәтижесінде алынған және осы тұқымның бірінші класс талаптарына сай келетін екінші ұрпақ малдары. 5. Нұсқаудың 4-тармағында көрсетілмеген биязы жүнді қойлар будан болып саналады. 6. Будандар келесі топтарға жіктеледі: екі биязы жүнді тұқымды будандастырудан алынған бірінші ұрпақтағы будандар; биязы жүнді саулықтарды биязылау жүнді тұқымдардың қошқарларымен будандастырудан (өнеркәсіптік будандастыру) алынған жіңішке жүнді будандар; сіңіре будандастырудың мерзіміне қарамастан, биязы жүнді тұқымның бірінші класс талаптарына сай келмейтін жіңішке талшықты биязы-қылшық жүнді будандар; будан биязы жүнді саулықтарды бірнеше биязы жүнді тұқымдардың қошқарларымен алмастыра будандастырудан алынған будандар «күрделі будандар» деп аталады. 7. Малды бағалауда жүннің 12 ай ішіндегі өсу ұзындығы негізге алынады. Ең бағал 8 см жүн болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|