ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.21.02. № ҚР ДСМ-12/2020 бұйрығымен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 7-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығымен күші жойылды
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (2020.21.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Білім беру бағдарламасының паспорты
1-параграф. Бакалавриат
1. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 5-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 36-бабына сәйкес әзірленді. 2. Бакалавриатта мамандарды даярлау медицина саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. 3. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы: 1) жалпы білім беретін базалық және бейінді пәндердің міндетті компонентінің циклдерін және таңдау компонентін зерделеуді қамтитын теориялық оқытудан; 2) аралық және қорытынды аттестаттаудан тұрады. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру мамандық бойынша үлгілік оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады. 4. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жоғары оқу орны өз бетінше анықтайтын және бітірушінің негізгі құзыреттерінің қалыптасуын міндетті бақылауды қамтитын бақылаудың әртүрлі формаларымен жүзеге асырылады. 5. Білім алушыларды аралық аттестаттау ЖОО-ның ғылыми (әдістемелік) кеңесі бекіткен нысандағы жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады. 6. Оқу жылы аяқталғаннан кейін аралық аттестаттау қорытындысы негізінде ұйым басшысының бұйрығымен Білім алушыларды курстан курсқа ауыстыру жүзеге асырылады. Осы мақсатта аудару балы анықталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|