«Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11580 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер». 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігінің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505-бұйрығымен бекітілген «Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігінің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіңде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|