«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 669 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 40-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында: «1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген бөлімнің ескертпесінде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тәрбиеленушілерді дамытудың басым бағыты бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында мынадай: әдіскер, бір бірліктен артық емес; төрт жастағы және одан да ересек балалардың әр тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі бойынша балаларды бейінді оқыту жөніндегі педагогтер лауазымының штат бірліктері белгіленеді.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы қазақ тілі педагогінің штат бірліктері 3 жастағы және одан да ересек балалардың әрбір тобына лауазымның 0,25 штат бірлігі есебінен белгіленеді.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|