ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.05.08. № 288 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.04.11. № 337 бұйрығымен күші жойылды
«Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмi - 10 (он) жұмыс күні. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған). 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - аттестаттау туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық. Веб-порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жолданады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|