Осы редакция 2017 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығына 2-қосымша
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2016.21.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. ҚР Қаржы министрінің 2016.21.01. № 23 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
ҚР Қаржы министрінің 2016.21.01. № 23 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi: 1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде: лицензия беру - 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны қайта рәсімдеу - 3 (үш) жұмыс күні; заңды тұлға-лицензиат бөліну, жеке шығу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны қайта ресімдеу - 15 (он бес) жұмыс күні. лицензияның телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар алынған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|