Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017.12.06. № 148 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.01.08. № 248 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 280 қаулысымен бекітілген
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 109 Қаулысымен күші жойылды
«Бизнестiң жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.01.08. берілген өзгерістермен)
1. «Бизнестiң жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және «электрондық үкімет» веб-порталында жүзеге асырылады (бұдан әрі - веб-портал). 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз/электронды түрде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - ӨҮК) отырыс хаттамасының үзінді көшірмесі немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі 11181 болып тіркелген) бекітілген «Бизнестiң жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде өндiрiстiк (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті қөрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз және электронды түрде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|