Осы редакция 2018 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2016.21.01. № 19 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің м.а. 2017.15.03. № 96 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына 7-қосымша
«II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру - II санаттағы объектілер үшін - бір айдан, III және IV санаттардағы объектілер үшін 10 (он) жұмыс күнінен аспайды; қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру - II санаттағы объектілер үшін - он жұмыс күнінен, III және IV санаттардағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспайды; алдын ала сараптама - үш жұмыс күнінен аспайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|