Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесi туралы (2007.06.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 8 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2003 ж. 2 шілдедегі № 450-11 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Келісім бекітілді
Ұжымдық қауіпсiздiк туралы Шартқа қатысушы мемлекеттер, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы Шарттың негiзiнде (бұдан әрi - Шарт), халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптерiн басшылыққа ала отырып, Ұжымдық қауiпсiздiк туралы Шарт Ұйымының (бұдан әрi - Ұйым) мақсаттары мен принциптерiн тиiмдi iске асыру үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етуге ниет білдiре отырып, төмендегілер туралы келiстi: 2007 ж. 6 қазандағы Хаттамамен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап Осы Келісімнің мақсаттары үшiн келтiрiлген төмендегi терминдер мынаны білдiредi: «Тараптар» - осы Келісімге қатысушы мемлекеттер; «мүше-мемлекеттер» - Ұйымға мүше-мемлекеттер; «Кеңес» - Ұйым Жарғысының IV-тарауына сәйкес құрылған Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесi; «мекендеу мемлекетi» - Ұйым Хатшылығы орналасатын немесе iс-шара өткiзiлетiн аумақтағы мүше-мемлекет; «Ұйым органдары» - Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесi, Сыртқы iстер министрлерiнiң кеңесi, Қорғаныс министрлерiнiң кеңесi, Ұйымға мүше-мемлекеттер Қауiпсiздiк кеңесi хатшыларының комитетi; «мүше-мемлекеттердің өкiлдерi» - Ұйым жанындағы мүше мемлекеттердің Өкілетті өкілдерін қоспағанда, Ұйым шеңберiнде өткiзiлетiн iс-шараларға қатысатын делегациялардың басшылары мен мүшелерiн қоса алғанда Ұйымға мүше-мемлекеттердiң өкiлдерi; «Ұйым жанындағы Өкілетті өкіл» (бұдан әрі - Өкіл) - Ұйымға мүше мемлекеттің оның ұлттық заңнамасына сәйкес тағайындалатын, жіберетін мемлекеттің Ұйым мәселелері жөніндегі қызметі үшін және Ұйым Жарғысының IV тарауына сәйкес құрылған Тұрақты Кеңестің жұмысы үшін қажетті өкілеттік берілген өкіл; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|