|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 69-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 39-құжат; № 11, 57-құжат; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат): 35-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) дуальды оқыту туралы шарт;». 2. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2020 ж., № 15-I, 15-II, 76-құжат): 1) 27-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы «нострификацияланған» деген сөз «танылған» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 270-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «нострификациялаудың оң нәтижелерінен», «даярлығы бағаланғаннан» деген сөздер тиісінше «білім туралы құжаттары танылғаннан», «даярлығын бағалаудың оң нәтижесінен» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 106-құжат; № 24-I, 119-құжат; № 24-II, 122-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39-құжат; № 11, 57-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-бапта: 15) және 17) тармақшалар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын: «17-2) білім туралы құжаттарды тану - шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау;»; 21-5), 35) және 38) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «21-5) жоғары колледж - жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;»; «35) колледж - жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;»; «38) қашықтан оқыту - педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;»; 38-3) тармақшадағы «білім алушылар мен тәрбиеленушілерге» деген сөздер «балаларға балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтарды дамытуға бағытталған» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын: «44-1) мемлекеттік аттестаттау - білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім;»; 3-тармақтың 1) тармақшасының он екінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 45) тармақша «орта білім беру» деген сөздерден кейін «, балаларға қосымша білім беру» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 2-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.»; 3) 4-бапта: 7) тармақша алып тасталсын; 22-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «22-2) маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату тәртібін айқындайды;»; 4) 5-баптың бірінші бөлігінде: 2-2), 2-5), 2-6) және 6-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «2-2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; «2-5) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2-6) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; «6-3) білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын: «7-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сараптау және сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын және Сот төрелігі академиясын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын; әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;»; 11-1) тармақша «үлгілердегі» деген сөзден кейін «және түрлердегі» деген сөздермен толықтырылсын; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) ұлттық бірыңғай тестілеуді, кешенді тестілеуді өткізу және білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 12-3) тармақшамен толықтырылсын: «12-3) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;»; 13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «13) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын әзірлейді және бекітеді; 14) білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындайды;»; 15-2) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 19-4) тармақшамен толықтырылсын: «19-4) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;»; 21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «21) білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;»; 23) тармақшадағы «нысанын әзірлейді және бекітеді, білім туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындайды; білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекітеді» деген сөздер «нысандарын әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын; 25) тармақшадағы «бекітеді және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді» деген сөздер «, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар мен қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын; 27) және 27-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «27) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді; 27-1) республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін, оның ішінде электрондық нысанда бекітеді;»; 43) тармақша «орта білім беруге» деген сөздерден кейін «және балаларға қосымша білім беруге» деген сөздермен толықтырылсын; 44-5) тармақшадағы «ұйымы түрлерінің номенклатурасын және олардың қызметінің, оның ішінде шағын жинақталған мектептердегі қызметтің үлгілік қағидаларын» деген сөздер «ұйымдары, оның ішінде шағын жинақталған мектептер түрлерінің номенклатурасын» деген сөздермен ауыстырылсын; 46-1) және 46-2) тармақшалардағы «, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып,» деген сөздер «білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі,» деген сөздермен ауыстырылсын; 46-4) тармақша алып тасталсын; 5) 5-1-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) әскери, арнаулы оқу орындарында (білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша орта білім беру ұйымдарында) қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 6) 5-2-бап мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын: «14-1) Сот төрелігі академиясында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 14-2) Сот төрелігі академиясын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;»; 3-тармақтың 7) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 7) 6-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 8-4) тармақшамен толықтырылсын: «8-4) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;»; 3-тармақ мынадай мазмұндағы 7-4) тармақшамен толықтырылсын: «7-4) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;»; 8) 7-баптың 2-тармағындағы «оның ішінде», «тізілімін» деген сөздер тиісінше «оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі,», «тізілімдерін» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 8-2-бапта: «кешендер мен құралдарға» деген сөздер «кешендерге» деген сөзбен ауыстырылсын; «оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары» деген сөздер «үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 11-баптың 9) тармақшасындағы «қашықтан оқыту,» деген сөздер алып тасталсын; 11) 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.»; 12) 20-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.»; 13) 27-баптағы «оқу, экстернат және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту» деген сөздер «оқыту және экстернат» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 32-баптың 3-тармағы алып тасталсын; 15) 33-бапта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары жоғары колледждерде немесе училищелерде іске асырылады.»; екінші бөлік алып тасталсын; 16) 35-баптың 2-тармағының бесінші бөлігі алып тасталсын; 17) мынадай мазмұндағы 37-2-баппен толықтырылсын: «37-2-бап. Қашықтан оқыту 1. Қашықтан оқыту білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. 2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен барлық білім алушылар үшін қашықтан оқытуды енгізеді.»; 18) 39-бапта: 3-тармақтың 18) тармақшасының екінші - жиырма бірінші абзацтары 2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мынадай құжаттардың бірі беріледі: 1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат; 2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаты; 3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжат.»; үшінші бөліктегі «барлық түрлерінің» деген сөздер алып тасталсын; 3 - 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды: 1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, Сот төрелігі академиясында, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары; 2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен халықаралық мектептер; 3-тармақтың 18) тармақшасының он үшінші абзацының қолданысы 2021 ж. 2 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың редакциясында қолданылды 3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары; 4) денсаулық сақтау саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 4. Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттарын дербес білім беру ұйымдары береді. Дербес білім беру ұйымының білім туралы құжаттарының нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды дербес білім беру ұйымы айқындайды. 5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгеру қорытындысы және аралық аттестаттау нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды береді. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы айқындайды.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттар олардағы оқуын аяқтаған адамдарға тиісті куәлік беріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында танылады.»; 8-тармақтағы «тану немесе нострификациялау» деген сөздер «білім туралы құжаттарды тану» деген сөздермен ауыстырылсын; 19) 43-баптың 3-тармағында: 2-2) тармақшаның екінші абзацындағы «, құралдары мен» деген сөздер «және басқа да» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы «және қашықтықтан білім беру технологияларын» деген сөздер алып тасталсын; 20) 43-1-баптың 2-тармағының 14) тармақшасындағы «және қашықтықтан білім беру технологияларын» деген сөздер алып тасталсын; 21) 45-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне әкімшілік деректерді анық және (немесе) уақтылы ұсынбағаны;»; 22) 47-бапта: 3-тармақтың 7) тармақшасындағы «және оқу-әдістемелік құралдармен» деген сөздер алып тасталсын; 17-тармақта: бірінші бөлікте: «азаматтар» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын; «мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында», «мемлекеттік ветеринария ұйымдарында» деген сөздер тиісінше «білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау ұйымдарында», «ветеринария ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлікте: «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын» деген сөздерден кейін «немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды» деген сөздермен толықтырылсын; «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын; төртінші бөліктегі «азаматтар» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы бесінші және жетінші бөліктермен толықтырылсын: «Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары оқуын аяқтағаннан кейін мемлекеттік органдарда немесе жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.»; «Осы тармақта аталған Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін: 1) ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан; 2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негіздегі оқуға ауысқан; 3) ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта қабылдану шартымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан шығарылған жағдайларда, осы тармақта көзделген мерзім шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша іс жүзінде оқу уақытына мөлшерлес жұмыспен өтейді.»; 17-2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) одан әрі оқу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға түскен адамдарға;»; 17-4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу іс жүзінде жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады.»; 23) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын: «48-1-бап. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу 1. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу кезінде: 1) әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптарды белгілеуге не конкурстық құжаттамада не орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсетуге; 2) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларында (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында - тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары) көзделмеген жағдайларда көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алудан бас тартуға; 3) конкурсқа қатысуға арналған өтінімге жетіспейтін құжаттарды ұсынуға, конкурсқа қатысуға арналған өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында көзделген біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салу жіберуіне және өзге де әрекеттеріне; 4) конкурстық құжаттамада көрсетілетін қызметтерді, тауарларды әлеуетті берушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге; 5) тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында көзделген өлшемшарттарды қолдану, сол сияқты көрсетілетін қызметтерді, тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарын есептеу тәртібін бұзуға; 6) көрсетілетін қызметтерді, тауарларды әлеуетті берушіні тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді. 2. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу кезінде тапсырыс беруші:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |