Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 57/404-VI «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қазандағы № 13/66-VІІ шешiмi
Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 57/404-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5997 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Арыс қаласының 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер - 17 038 438 мың теңге:
салықтық түсiмдер - 2 391 562 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 635 264 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер - 75 086 мың теңге;
трансферттер түсiмi -13 936 526 мың теңге;
2) шығындар - 17 043 380 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 19 835 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 26 253 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 6 418 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - -1620:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1620;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 23 157 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 23 157 мың теңге.
қарыздар түсімі - 26 253 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 6 418 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3 322 мың теңге.
Көрсетілген шешімнің 1, 4 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Арыс қалалық мәслихат хатшысы | А. Байтанаев |
Арыс қалалық мәслихатының
2021 жылғы 8 қазандағы
№ 13/66-VII шешіміне
1-қосымша
Арыс қалалық мәслихатының
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№57/404-VI шешіміне
1-қосымша
2021 жылға арналған қалалық бюджет
Санаты Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Сыныбы |
| | Кіші сыныбы | |
1 | 2 | 3 |
| | | 1. Кірістер | 17038438 |
1 | | | Салықтық түсімдер |