Осы редакция 2016 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына 2-қосымша
«Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап, порталға жүгінген кезде - 25 (жиырма бес) жұмыс күні; көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартады; 2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|