«Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 229 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 559 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 197-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру ережесінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидалары»; 1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының ұлттық кауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы, «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы, «Қарсы барлау қызметі туралы»2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|