Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидасы мен мерзімін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидасын бекіту туралы (2016.28.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.28.01. № 44 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: ҚР Әділет министрінің 2016.28.01. № 44 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидасы мен мерзімін осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес. 2) Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру ережесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін. ҚР Әділет министрінің 2016.28.01. № 44 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р. Құсдәулетовке және Қазақстан Республикасы Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|