ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Стенограмма
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ БАСЫЛЫМЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ
2018 жылғы 26 қыркүйек Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. НЫҒМАТУЛИН жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Уважаемые депутаты, прошу всех вас пройти процедуру регистрации. Тіркеу режимі қосылсын. Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Құрметті депутаттар! Біздің бүгінгі жалпы отырысымыз сағат 15.00-де басталып отыр. Сондықтан Регламент бойынша біз осы сұрақты заңдастырып алуымыз керек. Осы мәселені дауысқа қоюдың қажеті бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда келістік. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Күн тәртібі бекітілді. Құрметті депутаттар, енді күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз. Бірінші мәселе - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Бұл мәселе бойынша сөз Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы депутат Сабильянов Нұртай Салихұлына беріледі.
САБИЛЬЯНОВ Н.С. Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы! Құрметті әріптестер! «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді. Бұл заң жобасы: - кондоминиум объектілерін басқару және күтіп-ұстау бойынша қызметті реттеуге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|