Осы редакция 2023 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2017.13.03. № 185 бұйрығымен 4-1-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 4-1-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2022.24.03. № 152 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті туралы ЕРЕЖЕ (2022.24.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Көші-қон қызметі комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құзыреті шегінде көші-қон саласындағы мемлекеттік және іске асыруды, көші-қон процестерін мониторингілеуді, талдауды және болжауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. 2. Комитет өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілдегі атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоты болады. 4. Комитет өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі. 5. Комитет егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға тарап ретінде түсуге құқығы бар. 6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Көмитет төрағасының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Комитеттің құрылымы мен штат саны лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|