ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 910 бұйрығына 3-қосымша
Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны стандарты
1. Осы есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-15) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Осы стандарт есту қабілетінен толық айырылған мүгедекке арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орнына қойылатын талаптар
3. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны, өндірістік жабдық элементтерінің конструкциясы жұмыс аймағында эргономиялық талаптарға сәйкес келеді. 4. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектер қарқынды шу және жергілікті өндірістік діріл жағдайларындағы, қозғалмалы механизмдері бар, улағыштық қасиетке ие заттарды өндіру жұмыстарына жіберілмейді. 5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жеке талаптары мен шектеулері ескеріледі. 6. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар есту қабілеті толық бұзылған мүгедектің жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын және ескерілетін негізгі элементтер болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|