«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерді құру және олардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 562 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерді құру және олардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 562 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті осы бұйрықты жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № 400 бұйрығына 1- қосымша
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|