2018-2019 оқу жылында қысқы емтихан сессиясының жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесінің 20-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшағасәйкес 2018-2019 оқу жылының аралық бақылауының қорытындысы бойынша ақылы негізде білім алатын студенттерге жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары тағайындалсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы департаменті (Г.С. Шақаева) осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру үшін тиісті қаржы қаражаттарын қарастырсын. 3. «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Р.С. Әлімқұлов) жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру туралы куәліктерді ресімдесін. 4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ә.Ж. Тойбаев) осы бұйрықты тиісті жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін. 5. Жоғары оқу орындарының ректорлары білім беру грантын тағайындау туралы куәлік негізінде одан әрі оқу үшін тиісті бұйрықтың шығарылуын қамтамасыз етсін. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін. 7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығына қосымша
Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру грантының иегерлері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|