Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы (2023.23.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.15.05. № 290 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияның есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидалары мен кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7207 болып тіркелген 2011 жылы 18 қазанда «Егемен Қазақстан» газеттерінде № 501-502 (26894) жарияланған); 2) «Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидасын және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1292 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2016 жылы 2 ақпанда № 12980 болып тіркелген, 2016 жылы 12 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|