Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқытушылық қызметке тарту үшін шетелдік ғалымдар және академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін студенттер санын бөлу бойынша комиссия құру туралы (2021.16.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 113 және 115-тармақтарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2021 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқытушылық қызметке тарту үшін шетелдік ғалымдар және академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін студенттер санын бөлу бойынша комиссия құрылсын. 2. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқытушылық қызметке шетелдік ғалымдарға және топ-менеджментке шетелдік мамандарды тарту жөніндегі іріктеу комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 551 бұйрығының күші жойылсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|