ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Мыналар: 1) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып; 2) «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын. 2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтарының тізбесі («Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен); 2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ережеде: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Агенттіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 33 а.»; Агенттіктің аумақтық органдарының тізбесінде: 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «18) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|