«Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 349 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 206 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Білім туралы құжаттарды тану/нострифкациялау туралы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде (егер білім туралы құжат құжатты берген елде заңдастырылған немесе апостильденген болса): 1) Астана қаласы үшін - 15 (он бес) жұмыс күнін; 2) басқа өңірлер үшін - 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды (Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді). Ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде берілген білім туралы құжаттарды қарау мерзімдері Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: 1) Астана қаласы үшін - 30 (отыз) жұмыс күнін; 2) басқа өңірлер үшін - 45 (қырық бес) жұмыс күнін құрайды (Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|