Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және оның орынбасарларының арасында міндеттемелерді бөлу туралы
Осы редакция 2016 жылғы 6 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіндегі ұйымдастырушылық өзгерістерге байланысты БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және оның орынбасарларының арасында міндеттемелерді бөлу бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және оның орынбасарларының арасында міндеттемелерді бөлу туралы» 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 67, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және оның орынбасарларының арасында міндеттемелерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 3 наурыздағы № 179 бұйрықтарының күші жойылсын. 3. Бұйрық Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының басшы құрамына жариялансын.
Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі және
Ішкі істер министрі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы
Ішкі істер министрлігінің қызметіне басшылық ету. Қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық жазаларды орындау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ішкі істер органдарына және Ұлттық ұланға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету. Кадр және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, ішкі істер органдарын реформалауды, ішкі істер органдарындағы ведомстволық білім беруді, мемлекеттік тілді дамытуды іске асыру мәселелері. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|