ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығында: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) қызмет бабында пайдалану үшін; 3) «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығында: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Прокуратура туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереже осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Аппарат Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі Кадрлық жұмыс департаменті Өзіндік қауіпсіздік департаменті Стратегиялық даму департаменті Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|