Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы (2010.29.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 5-бабы 1-2) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 қаулысымен бекітілген
Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесі
1. Осы Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 5-бабының 1-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі азық-түлік ресурстарына қатысты мониторинг жүргізу тәртібін анықтайды. 2. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету өлшемдері мыналар болып табылады: 1) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік; 2) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік; 3) тамақ өнімдері қауіпсіздігінің кепілі. 3. Мониторинг жүргізудің мақсаты азық-түлік тауарларына нақты және экономикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша уақтылы және жедел шаралар қабылдау болып табылады. 4. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды: 1) деректерді жинау; 2) деректерді өңдеу; 3) деректерді сараптау. 5. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі: 1) азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|