|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 128-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне: 1) 1-баптың 1-тармағының 22), 46) және 82) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «22) еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастар - осы Кодексте көзделген жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, жұмыскерлерді кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың кәсіптік біліктілігін арттыруға, сондай-ақ оны тануға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгілеуге жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынастар;»; 1-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы 2030 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі «46) жұмысты тарифтеу - орындалатын жұмыстарды кәсіптік стандартқа сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу;»; «82) іссапар - жұмыс берушінің өкімі бойынша жұмыскерді тұрақты жұмыс орнынан тыс басқа жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ жұмыскерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға, сондай-ақ кәсіптік біліктілігін тануға жіберу.»; 1-тармақтың 2) тармақшасы 2030 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 2) 16-баптың 16), 16-1), 16-2) және 17) тармақшалары алып тасталсын; 3) 23-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «10) осы Кодекске және «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды, олардың кәсіптік біліктілігін арттыруды және тануды қамтамасыз етуге;»; 4) 32-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі туралы құжат, кәсіптік біліктілігін тану туралы құжат (бар болған кезде), арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;»; 5) 66-баптың 3-тармағы 7) тармақшасындағы «жүргізілген кезеңде тоқтатыла тұрады.» деген сөздер «жүргізілген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік біліктілігін тану кезеңінде тоқтатыла тұрады.»; 1-тармақтың 6) тармақшасы 2030 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 6) 101-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі кәсіптік стандарттар негізінде белгіленеді.»; 7) 116-баптың 7) тармақшасы және 117-бап алып тасталсын; 8) 118-бапта: тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «118-бап. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау, кәсіптік біліктілігін арттыру және тану 1. Ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың, кәсіптік біліктілігін арттырудың және танудың қажеттілігі мен көлемін жұмыс беруші айқындайды.»; 1-1-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын: «1-2. Кәсіптер тізіліміне енгізілген кәсіптер бойынша кәсіптік біліктілігін тану аккредиттелген кәсіптік біліктілікті тану орталықтарында жүргізіледі.»; 3, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша жұмыскерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау, кәсіптік біліктілігін арттыру және тану оқытуға немесе кәсіптік біліктілігін тану бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттарға сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.»; «5. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, кәсіптік біліктілігін арттырудан және танудан өтетін жұмыскерлер жұмыс берушімен келісім бойынша жұмыстан босатылуы не жұмысты толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкін. 6. Келісімде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында оқытуға және кәсіптік біліктілігін тануға байланысты жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен кепілдіктер көзделуі мүмкін.»; 9) 153-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы және 5-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацындағы «белгілеу;» деген сөз «белгілеу туралы ережелер көзделуге тиіс.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын; 10) 157-баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «3) босатылатын жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, оларды даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау, кәсіптік біліктілігін тану және жұмысқа орналастыру туралы; 4) даярлаудан, қайта даярлаудан, кәсіптік біліктілігін арттырудан және танудан өтетін жұмыскерлерге, сондай-ақ жұмысты оқумен қоса атқаратын жұмыскерлерге берілетін кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері туралы;». 2. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне: 7-баптың 72) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «72) денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;». 3-тармақ 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне: 1) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекстен басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасы аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»; 2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын: «4-бап. Әлеуметтік қорғау саласында адам мен азаматтың тең құқықтылығы және олардың құқықтарын шектеуге жол бермеу Әркім әлеуметтік қорғау саласында өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда тең мүмкіндіктерге ие болады. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына, денсаулық жағдайына, оның ішінде мүгедектігіне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.»; 3) 9-баптың 2-тармағы алып тасталсын; 4) 33-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «айыптау үкімі шығарылған» деген сөздер «заңды күшіне енген айыптау үкімі бар» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 63-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде: мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін өзіне қатысты соттың күшіне енген айыптау үкімі бар немесе сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»; 5) тармақшадағы «сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не» деген сөздер алып тасталсын; 6) өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 7) 83-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін немесе хабарсыз кету фактісін растайтын құжаттың» деген сөздер «хабарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 86-баптың 1-тармағында: 5) тармақшадағы «жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін немесе хабарсыз кету фактісін растайтын құжаттың» деген сөздер «хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақшада: «адамды соттың хабарсыз кетті деп тану туралы шешімінің күшін жою туралы сот актісінің күшіне енгенін» деген сөздер «хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының тоқтатылуын немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісінің күшіне енгенін» деген сөздермен ауыстырылсын; «тоқтатылған» деген сөз «тоқтатыла тұрған» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 92-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін немесе хабарсыз кету фактісін растайтын құжаттың» деген сөздер «хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 95-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында: «жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін немесе хабарсыз кету фактісін растайтын құжаттың» деген сөздер «хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің» деген сөздермен ауыстырылсын; «жәрдемақыны төлеу соттың адамды хабарсыз кетті деп тану туралы шешімінің» деген сөздер «жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің» деген сөздермен ауыстырылсын; өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 11) 125-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жергілікті атқарушы орган жергілікті өкілді органның келісімі бойынша өңірдің ерекшеліктерін және (немесе) адамның (отбасының) материалдық жағдайын ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттілігі немесе қажеттілігінің болмауы туралы қорытынды шығару үшін қосымша негіздерді белгілей алады.»; 12) 179-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында: «жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы немесе хабарсыз кету фактісі туралы растайтын құжаттың» деген сөздер «хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің» деген сөздермен ауыстырылсын; «жәрдемақы төлеу» деген сөздерден кейін «хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе» деген сөздермен толықтырылсын; өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 13) 182-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында: «жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы немесе хабарсыз кету фактісі туралы растайтын құжаттың» деген сөздер «хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің» деген сөздермен ауыстырылсын; «әлеуметтік төлем» деген сөздерден кейін «хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе» деген сөздермен толықтырылсын; өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 14) 185-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында: «жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы немесе хабарсыз кету фактісі туралы растайтын құжаттың» деген сөздер «хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің» деген сөздермен ауыстырылсын; «жәрдемақыны төлеу адам» деген сөздер «жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды» деген сөздермен ауыстырылсын; өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 15) 186-баптағы «хабарсыз кеткен» деген сөздер «хабарсыз кетті» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) 189-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында: «жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы немесе хабарсыз кету фактісі туралы растайтын құжаттың» деген сөздер «хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің» деген сөздермен ауыстырылсын; «жәрдемақыны төлеу» деген сөздерден кейін «хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе» деген сөздермен толықтырылсын; өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 17) 204-бапта: 1-тармақтың 3) тармақшасында: «жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы немесе хабарсыз кету фактісі туралы растайтын құжаттың» деген сөздер «хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің» деген сөздермен ауыстырылсын; «зейнетақы төлемдері» деген сөздерден кейін «хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе» деген сөздермен толықтырылсын; өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 3-тармақтың 1) тармақшасындағы «немесе хабарсыз» деген сөздер «немесе ол хабарсыз» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) 238-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында: «жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы немесе хабарсыз кету фактісін растайтын құжаттың» деген сөздер «хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің» деген сөздермен ауыстырылсын; «жәрдемақыны төлеу адамды хабарсыз кеткен» деген сөздер «жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті» деген сөздермен ауыстырылсын; өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 19) 241-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында: «жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы немесе хабарсыз кету фактісін растайтын құжаттың» деген сөздер «хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің» деген сөздермен ауыстырылсын; «әлеуметтік төлем» деген сөздерден кейін «хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе» деген сөздермен толықтырылсын; өзгеріс орыс тіліндегі мәтінге енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді. 4-тармақ 2023 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 11-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «- «Ел бірлігі» (Единство народа)»; 2) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын: «16-1-бап. «Ел бірлігі» орденімен азаматтар ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық татулықты қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін наградталады.». 5. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) тармақша 2023 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 1) 1-баптың 37-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «37-1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі - «Өркен» гранты) - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;»; 2) 5-баптың бірінші бөлігінде: мынадай мазмұндағы 79-1) тармақшамен толықтырылсын: «79-1) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын, орта, қосымша, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беретін педагогтерге арналған кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;»; 84) тармақша алып тасталсын; 3) 5-3-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 30) және 31) тармақшалармен толықтырылсын: «30) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп формалды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілігін тану нәтижелерін тану қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 31) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартты әзірлейді және бекітеді.». 6-тармақ 2023 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 6. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Заң «Назарбаев Университетінің» (бұдан әрі - Университет), «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» (бұдан әрі - Зияткерлік мектептер) және «Назарбаев Қорының» (бұдан әрі - Қор) құқықтық мәртебесін және олардың құрылуы мен қызметінің айрықша құқықтық режимін айқындайды.»; 2) 6-баптың 1-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын адам Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы болып табылады. Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы Жоғары қамқоршылық кеңес туралы ережені бекітеді.»; 3) 12-1-бапта: 1-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Университетте оқыту «Назарбаев Университеті» білім беру гранты, өзге де гранттар мен стипендиялар негізінде, сондай-ақ ақылы негізде жүзеге асырылады.»; үшінші бөлік алып тасталсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Зияткерлік мектептерде дарынды балалардың оқуына ақы төлеу оларға конкурстық негізде Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын беру арқылы жүзеге асырылады. Білім беру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекітеді.». 7-тармақ 2030 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 7. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 37-1-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) кәсіптік стандарттарға сәйкес жұмысшылар кәсіптеріне және басшылар, мамандар мен қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келуге тиіс.». 8. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 4-бап мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын: «10-2) діни қызмет саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;». 9. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 5-бап мынадай мазмұндағы 17-4) тармақшамен толықтырылсын: «17-4) энергия аудиторларына арналған кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;». 10. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «13-бап. Ұлттық палатаның экономика салаларында мамандарды даярлау, қайта даярлау, олардың кәсіптік біліктілігін арттыру мен тану, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы функциялары»; 1) тармақша алып тасталсын; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кәсіптік біліктілікті тану саласындағы функцияларды жүзеге асырады;». 11. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 15-бап мынадай мазмұндағы 23-3) тармақшамен толықтырылсын: «23-3) әкімшілерге арналған кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді;». 12. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 83-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Біліктілік комиссиясы кәсіптік стандартқа сәйкес оқытушыға кандидаттарды, өндірістік оқыту шеберін және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберін аттестаттау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оларды аттестаттауды өткізеді.». 13. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 7-баптың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «23) уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен кәсіптік стандарттарға сәйкес аккредиттелген республикалық федерациялардың ұсыныстары бойынша жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекітеді;». 14. «Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 12-бап мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын: «26-1) сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіптік стандартты әзірлеу және бекіту;». 1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын, 5-тармағының 1) тармақшасын, 6-тармағын; 2) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын; 3) 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 2) және 6) тармақшаларын, 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 4 шілде № 15-VІІІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |