Өнімнің өмірлік циклі сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау және «Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 296 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Осы редакция 2022 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өнімнің өмірлік циклі сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар айқындалсын. 2. «Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 296 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы № 718 қаулысына қосымша
Өнімнің өмірлік циклі сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|