Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 139 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы»; 2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»; 3) көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия мүшелерінің назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 қарашадағы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|