Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы (2022.12.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аттестаттауға жататын қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне және қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің логикалық ойлауына компьютерлік тестілеуден өту қағидалары мен шарттары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдары экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығын айқындау бойынша нормативтер; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің лауазым санаттары үшін шекті мәндер; 4) ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022.31.10. № 37 бұйрығымен күші жойылды (2022 ж. 12 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру қағидалары; 6) ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022.31.10. № 37 бұйрығымен күші жойылды (2022 ж. 12 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің дербес деректері бар жеке істерді жүргізу қағидалары. 2. Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|