Осы редакция 2016 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына 3-қосымша
Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) емтихандар қабылдау, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға әртүрлі санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәліктерін (бұдан әрі - жүргізуші куәлігі) беру тәртібін белгілейді. 2. Емтихандар қабылдауды, азаматтарға «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», «Tm», «Tb» санаттарындағы, «A1, B1, C1, D1, С1Е и D1E» кіші санаттарындағы жүргізуші куәліктерін беруді ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері, сондай-ақ жүргізуші куәліктерін беру жөніндегі халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ТЕБ) жүзеге асырады. 3. Ұлттық жүргізуші куәлігі он жыл мерзімге беріледі, ол өткеннен кейін жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылады. 4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының тек қана бір ұлттық жүргізуші куәлігін алуға рұқсат етіледі. 5. Емтихандар тапсыру және алғаш жүргізуші куәлігін алу үшін көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында (бұдан әрі - оқу ұйымдары) даярлықтан өту және ТЕБ-те теориялық және практикалық емтихандар тапсыру қажет.
6. Теориялық және практикалық емтихандарды тапсыруға: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 бұйрығымен бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2013 жылғы 26 сәуірде № 8437 болып тіркелген) сәйкес медициналық қарап тексеруден өткен адамдар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|